Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Ресми сайт Акимат посёлка Саяк
poisk


Мемлекеттік қызметкердің беделі

Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру

 Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі ретінде кәсіби мемлекетті құру белгіленген. Жоғары кәсіби мемлекеттік қызметті және тиімді басқару құрылымын құру ісінде міндеттерді іске асыру көбіне мемлекеттік қызметшінің кәсібилігіне байланысты. Сонымен қатар маңызды функционалдық және мәртебелік маңызы бар мемлекеттік қызмет имиджі халықтың мемлекеттік аппаратқа сенімі деңгейінің көрсеткіші және қоғамның басқару қызметінің тиімділігін бағалау өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет имиджі тұтастай алғанда мемлекеттік қызметші имиджіне тікелей байланысты, өйткені мемлекеттік билік органдарына сенім мәселесі қызметкер имиджімен байланысты, болмаған жағдайда мемлекеттік билік органдарының қызметі тиімсіз болып табылады.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Нұр Отан» ХДП Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумында мынадай этикалық нормаларды айтып өтті, олар қоғамдық сенім деңгейін сақтауға және арттыруға мүмкіндік береді:

1. Мемлекеттік қызметші билікке және өкілеттілікке иелік ете білу, бұл ретте адал болу тиіс.

2. Мемлекеттік қызметте өз игілігіне емес, мемлекет игілігіне қызмет ету керек, мемлекет қаражатын өз қалтасымен шатастырмау керек.

3. Шенеунік «Қалай өмір сүріп жатырсың?» деген сұрақтан жасқанбай өмір сүруі керек, себебі виллалары, оның айналасындағы биік дуалдары және қымбат шетел көліктері түсірілген суреттердің пайда болуына негіздердің болмауы тиіс.

4. Заңдардың талаптарын толық сақтай отырып, өмір сүрген маңызды.

5. Әрбір деңгейде, әрбір қызметте қандай жағдайларда болмасын халықтың, өз елінің азаматтарының сенімін жоғалтып алмай қызмет ету керек.

6. Казақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, сыпайылықтың үлгісі болу керек, қауым арасында өзін ұстай білуі тиіс.

7. Ұжымды басқармас бұрын өзі бағына білуі тиіс, өз қызметкерлерінен талап ететінді алдымен өзі орындай білуі керек.

8. Мемлекеттік мүддесіне нұқсан келтірілетін немесе жемқорлық әрекет әзірленгенін көрсе, дереу араласу, шара қолдану керек.

Бүгінгі таңда жүргізіліп отырған мемлекеттік қызмет реформасы тиімді кадрлық тетіктерді қалыптастыруды ұйғарады: мемлекеттік қызметке кірудің тиімді және айқын тәртібі, мемлекеттік қызметшілердің үздіксіз кәсіби даму мүмкіндігі, жұмыс нәтижелері мен ынталандыру жүйесінің өзара байланысы. Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, оның ішінде уақтылы хабардар ету және азаматтардың өтініштеріне ден қою, билік құрылымдарының қолайлы пікірін құру басым бағыт болып табылады. Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруда тиісінше мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және қоғаммен байланысты жолға қою негізгі бағыттар болып табылады.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жүйесінде мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру тұтастай алғанда Министрліктің табысты жұмыс істеуін және даму қарқынын анықтайтын негізгі құрамдас болып табылады.

Осы тұрғыдан алғанда Министрлік қызметкерлері сыртқы аудитория үшін Министрлік туралы ақпараттың маңызды көзі болып табылады. Кәсіби құзыреттілігінен, мәдениетінен, әлеуметтік-демографиялық және табиғи деректерінен құралатын қызметкерлердің оң имиджі туралы үміттерге сәйкес келуі үшін, персоналды іріктеу және оқыту, персоналдың жұмысын бағалау жүйесі және оң әлеуметтік-психологиялық климатты құру жөнінде нысаналы бағытталған және жүйелік жұмыс жүргізу талап етіледі.

Қызметкерлердің кәсіби дамуына ықпал ететін басқару жүйесінің негізгі сәттерінің бірі тәлімгерлік болып табылады.

Тәлімгерлік міндеттердің кең ауқымын шешеді. Біріншіден, аталған әдіс неғұрлым білікті мамандардың тәжірибесі мен білімін жаңа қызметкерлерге берудің тиімді жүйесі болып табылады, жұмысқа жаңа келген қызметкерлерге жаңа жұмыс орнында бейімделуге, ұжыммен танысуға, жұмыс ерекшелігін игеруге көмек ретінде пайдаланады. Оқыту процесі нақты жұмыс жағдайында өтеді, оқушы тәжірибелі маманның басшылық етуімен шешетін нақты кәсіби міндеттер мысал бола алады.

Екіншіден, уәждеу функциясын орындайды, өйткені тәжірибелі қызметкерлер үшін тәлімгер ережесі олардың кәсіби жетістіктерін тану болып табылады және ұжымда құрметін арттыруға ықпал етеді. 

Тәлімгерлердің ұсынымдары Қаржы министрлігі жүйесі органдарының кадрлық резервін қалыптастыру кезінде ескеріледі.

Кадрлық резервтің негізгі мақсаты – еңбек ресурстарын жоспарлау және кәсіби кадрлық құрамды қалыптастыру, министрлік жүйесі қызметкерлерінің мансаптық өсімін уәждеуді қамтамасыз ету, бос лауазымдарды уақтылы толтыру үшін шараларды жетілдіру, сондай-ақ «орталық-өңір», «өңір-орталық», «өңір-өңір», «орталық-орталық» жүйесі бойынша кадрлардың тиімді орын ауыстыруын қамтамасыз ету.

Тартымды жұмыс беруші ретінде білікті қызметкерлерді ұстау, олардың ниеті түзулігін қамтамасыз ету Министрліктің оң имиджін қалыптастырудың басқа маңызды элементі отбасылармен жұмыс істеу жөніндегі іс-шаралар болып табылады. Осындай іс-шаралардың бірі – Балаларды қорғау күніне орайластырылған балалар суреттерінің конкурсын Салық комитеті 2012 жылғы 1 маусымда өткізді.

Бұдан басқа беделдік имиджді таныту үшін Министрліктің қызметкерлері мұқтаждарға көмек көрсету жөніндегі акцияларға, конкурстарға, жалпы қалалық спорт іс-шараларына, жарыстарға қатысады.


Дата редактирования: 12 Шілде 2016

Система Orphus
© 2007-2019 ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ АКИМАТ ПОСЁЛКА САЯК При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх