Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Ресми сайт Акимат посёлка Саяк
poisk


Кент тарихы

1. Саяқ кен орнын 1930 жылдары атақты геолог Николай Иванович Наковник ашқан, оның жалпы көлемі мыңнан аса квадрат километр. Саяқ аймағындағы ірі кен орындары Саяқ – 1,2,3,4, Тастау және Молдыбай.

2. 1930 жылдың 15 маусымында Н.Наковниктің серігі В.Фролов Саяқ төбелерінің бірінде кен орын ашқан адамның аты – жөні жазылған үш патрон гильзасын салды.

3. 1950 жылы Қазгеологиялық басқарма Саяқ геологиялық барлау партиясын ұйымдастырып, сол ауданда ауқымды геологиялық түсіру жұмыстары басталды.

4. 1959 жылы 6 қыркүйекте Саяқ кентіне Қазақ КСР ғылым Академиясының бірінші Президенті Қаныш Имантайұлы Сәтпаев келді.

5. 1964 жылғы 18 тамыздағы Қарағанды облыстық атқарушы комитетінің №331/15 шешімімен Саяқ елді мекені қалалық кенттерге жатқызылып, «Саяқ қалалық кенті» деп аталады.

6. 1964 жылдың сәуір айында Саяқ кентінің еңбекшілері арасында депутаттар Кеңесі құрылды. Еңбекшілер арасында депутаттар Кеңесінде атқару комитетінің төрағасы Тайтөкен Шекенов тағайындалды. Тайтөкен Шекенов Семей облысы №9 Шұбартау ауданында туған.

7. Саяқ 3 кен орнында талантты прораб Ефим Благодарновтың басшылығымен геологтардың болашақтағы кентінің құрылысы басталды.

8. Бірінші күннен бастап (Шакиров, Степанов және Власов) үшеуі ең бірінші төрт экскаваторларды жинады. Олардың көз алдарында карьер дамыды және өсті, кент көркейді. Осының бәріне олар өздерінің еңбектерін, тәжірибелерін және білімдерін салды.

9. 640 орны бар бірінші № 29 орта мектеп 1969 жылдың 22 қарашасында пайдалануға берілді. Мектеп директоры Қажытай Қожағұлов болды.

10. 140 орны бар бірінші «Незабудка» балабақшасы 1969 жылы пайдалануға берілді. Балабақша меңгерушісі Галина Григорьевна Репникова.

11. Кент Кеңесінің алғашқы хатшысы болып Аманғали Мұсатаев жұмыс атқарды.

12. Саяқ кент Кеңесінің төрағалары болып, Елеусіз Айдарханов, Кенжетай Сағымбеков, Шілікбай Бейсембаев қызмет атқарды.

13. 1969 жылы кент Кеңесінің төрағасы болып, Әбілқайыр Құлықбаев тағайындалды.

14. 1970 және 1971 жылдарда №2 экскаваторда жұмыс істеген Николай Степанович, социалистік жарыстардың нәтижесі бойынша бірінші орындарды алып отырған. Еңбектегі жоғарғы табыстары үшін Н.С.Власов «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған

15. 1970 жылдың 25 желтоқсанында Саяқта жарушы шебер С. Құрдабаевтың бастауымен 16 сағ. 15 мин. сынама жарылды, ал 1971 жылы 24 қарашада – бірінші өндірістік жарылыс болды. Жаңадан құрылған Саяқ кенішінің дирекциясы ұйымдастырылды. Оған директор болып, Жидких Николай Александрович тағайындалды.

16. 1971 жылы алғаш рет ретрансляциялық телевизиялық қоңдырғы құрастырылды.

17. 1971 жылы 100 төсек орны бар ең бірінші аурухана пайдалануға берілді. Бас дәрігер -Марат Александрович Гиляев.

18. 1971 жылдың 6 желтоқсанында жаңа кенішті комбинатпен темір жол байланыстырды. А.С. Гранкин және Н.Н. Гумнов комбинатқа бірінші құраммен Саяқ кенін алып келді.

19. 1973 жылы алғашқы рет пайдалануға берілді:

        -    Бесқабаттық 68 пәтері бар үй (Балхашская көшесі 2 үй);

        - 500 орны бар «Кенші» мәдениет үйі.

20. 1977 жылдың наурыз айында Жезқазған облысы Приозерный ауданының құрылуына байланысты, Саяқ кентінің Кеңесі Приозерный ауданының әкімшілік бағынысына берілді.

21. 1979 жылғы 28 наурыздағы Жезқазған облысының халық депутаттар Кеңесінің атқарушы комитетінің шешімімен Приозерный ауданының жұмысшылар кенті Саяқ Балқаш қаласының қалалық Кеңесінің әкімшілік бағынысына берілді.

 

22. Алғашқы рет 1981 жылы 2 қыркүйекте 624 орны бар № 6 қазақ орта мектебі пайдалануға берілді. Мектеп директоры – Шілікбай Бейсембаев.

23. Алғашқы рет 1983 жылы 21 қаңтарда Вокзальная көшесі, 54 үйдің бірінші қабатында 80 пәтерлі, 49 жұмыс орны бар жаңа дүкен пайдалануға берілді.

24. Саяқ кенішінің директорлары болып, Николай Александрович, Житких Василий Иванович Сова, Михаил Андреевич Помогалов қызмет атқарған.

25. Саяқтың әр түрлі жылдарында ГБП басшысы болып Кузембаев, Жолдыбаев, Р.Н.Остапенко қызмет атқарған. Олар комбинаттың шикізат базасын арттыруға күш салған.

26. Пайдалы қазбалар орындарын алғаш ашушы істері жөніндегі Орталық комиссияның шешімімен қаптайтын тас «Саяқ – 1 Мраморный» кен орнын ашқан үшін Саяқ кенішінің бас геологы Е.Р.Набиев «Кен орнын алғаш ашушы» белгісімен марапатталды.

27. 1997 жылы Саяқ кенішінің «Саяқ - 3» участкесінде жер асты өңдеу басталды.


Дата редактирования: 12 Шілде 2016

Система Orphus
© 2007-2019 ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ АКИМАТ ПОСЁЛКА САЯК При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх