Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Ресми сайт Акимат посёлка Саяк
poisk

Облыстың жаңалықтары

16 Тамыз 2016
«Даму» Қорының арқасында Қарағанды қаласының тұрғындары мен қонақтарына жол бойындағы қонақ үй жұмыс істейді

Жеке кәсіпкерлікпен Мұса Ғабдуллаұлы Акашев 1 жылдан аса айналысып келеді. Ол өз ісін жол бойындағы қызмет түрінен бастауды шешті.
Кәсіпкер атап кеткендей: «Мен осыған дейін «ҚазақмысКорпорациясы» ЖШС қызмет еткем, жұмыс бабымен әртүрлі елді мекендерге іссапармен барып жүрдім. Әсіресе Алматы – Екатеринбург тас жолындағы қонақ үйлерге жиі тоқтадым. Осыдан кейін дем алыс орынын ашу ойы келді. Алдымен сауна кейіннен мейрамхана мен қонақ үй салуды шештім».
2014 жылы кәсіпкер өз қаражатына сауна салды және жол бойындағы қонақ үй құрылысы басталды. (барлық жылжымайтын мүлік объектілері бір біріне жақын орналасқан).
«Қарағай» қонақ үйі өте ыңғайлы жерде Қарағанды – Павлодар автомагистралінің бойында орналасқан. Ауыр жүк таситын көліктердің тоқтауына қолайлы. Қонақ үйде:3 бір орынды, 1 екі орынды және 1 үш орынды бөлмелер бар.
Қонақ үйде «ҚазақмысКорпорациясы» ЖШС қызмет көрсететін фирмалармен келісім шартқа отыруымен байланысты фирмалардың қызметкерлері іссапармен жиі тоқтайды.
Мұса Ғабдуллаұлы«Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасы арқылы құрал жабдық алуға және қонақ үйдің құрылысын бітіруге мүмкіндік алғанына «Даму» Қоры» Қарағанды облысы аймақтық филиалына ризашылығын білдірді. Жоба «AsiaCredit Bank» АҚ Қарағанды қаласындағы филиалы «Даму аймақтар ІІІ» бағдарламасы арқылы 20 миллион теңгеге қаржыландырылды.Кәсіпкер 17 миллион теңгеге немесе несие сомасының 85% «Даму» қорының кепілдемесін алды. Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасының екінші бағыты бойынша алынған несие сомасының 14%-ның 7%-н «Даму» Қоры субсидия ретінде банкке кәсіпкер үшін төлеп отырады. Осы жоба іске асырылып жаңа 5 жұмыс орны ашылды. Бүгінгі таңда қонақ үй қызметін табысты жалғастырып сапалы қызмет көрсетуде.


Кері қайту

Система Orphus
© 2007-2019 ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ АКИМАТ ПОСЁЛКА САЯК При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх