Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Ресми сайт Акимат посёлка Саяк
poisk

Облыстың жаңалықтары

16 Тамыз 2016
Қарағанды облысының әкімдігі алғашқы болып өз ботын іске қосты

Қарағанды облысы әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтің баспасөз қыземеті әлеуметтік желілерде #уәдеkrggovkz хештегін іске қосты.

«Кейде қарапайым халық: «Уәдең қайда?» дегенде, атқарушы билік: «Біз орындадық!» деп жауап бергісі келеді. Жауап бере алады да. Бірақ айналамыздағы ең маңызды немесе аса маңызды емес оқиғалар бізден тысқары қалады. Ендеше, уәде берілді ме, нәтижесін де, орындалуын да #уәдеkrggovkz хештегі арқылы бірге бақылайық»-деп әлеуметтік желілерде үн тастадық.
Аталған хештег бойынша алғашқы жазбада «Көкпекті көпірі 30 тамызда ашылады деп уәде берілді #уәдеkrggovkz»-деп жазылған. Енді аймақ тұрғындары уәденің орындалуын біркісідей бақылайтын болады. Сондай-ақ облыс тұрғындары өздері де жоғарыдағы хештег бойынша жазба қалдыра алады.
Сонымен қатар Н.Әбдібековтің баспасөз қызметі әкімдіктер арасында республикада алғаш болып Telegram әлеуметтік желісінде Presskrg ботын (автоматты жауап) іске қосты. Әзірше бұл бағдарлама тестік режимде жұмыс жасауда. Енді облыс тұрғындары бот арқылы шағым-өтініштерін ғана жіберіп қоймай, кезеккүттірмейтін сұрақтарын қоя алады. Мысалы: «Үй кезегіне тұру үшін қандай құжаттар қажет?» немесе «Әкімінің қабылдауына қалай жазыла аламын?». Ал жауап қас-қағым сәтте келіп түседі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі


Кері қайту

Система Orphus
© 2007-2019 ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ АКИМАТ ПОСЁЛКА САЯК При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх