Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Ресми сайт Акимат посёлка Саяк
poisk


Жаңалықтар

Кеншілер күні мерекесі туралы ақпарат

25 тамыз Кеншілер күніне орай Саяқ кентінің барлық тұрғындары үшін мерекелік іс-шара аясында спорттық іс-шаралар өткізілді.Жұмысшылар мен ауыл тұрғындарының арасында күрестен және  мини-футболдан жарыс өтті.
26 тамыз күні Саяқ кенорнының қызметкерлеріне арналған концерт залында салтанатты жиналыс өтті.

Құттықтау сөз Саяқ кенті әкімінің міндетін атқарушы Ж. Хұснутдиноваға, «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ Балқаш аймағы бойынша ардагерлер кеңесінің өкілі Б.Қабылбаеваға және Саяқ кенішінің директоры А.Кукеевке беріліп,  кеншілерге дипломдар мен ақшалай жүлделер табысталды, бұл іс-шара Балқаш және Қарағандыдан келген әртістердің  қатысуымен өтті.

             Кешке «Кенші» мдениет үйінің алаңында кент тұрғындары на Балқаш, Қарағанды, Астана қалаларынан келген әртістердің қатысуымен концерт ұйымдастырылды. Аталған іс – шара салют пен мерекелік би кешімен аяқталды.

 

27.08.2018 ж.

 



Кері қайту

Система Orphus
© 2007-2019 ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ АКИМАТ ПОСЁЛКА САЯК При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх