Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Ресми сайт Акимат посёлка Саяк
poisk


Жаңалықтар

Саяқ кенті жастары арасында өткен «Абай оқулары – 2018» байқауы бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай Саяқ кенті «Кенші» мәдениет үйінде Саяқ кентінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің қолдауымен  «Абай оқулары – 2018» байқауы өткізілді.  

Мерекеге орай өткізілген сайыстарда ынталы мектеп оқушылары мен өнерлі жас мекеме қызметкерлері қатысты. Талап қойылған барлық сайыс кезеңдері бойынша өздерін талапты қатысушылар ретінде көрсетті.

          Әділқазылар алқасы төрелігінде «Балдаурен» балабақшасының әдіскері Айман Орынтаева, Саяқ кенішінің геологы Бота Акбергенова және ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жазықбай Сембеков болды.

          Әр байқау кезеңдері бойынша қатысушылар өз біліктіліктерін танымды әрі қызықты көрсете білді.

Байқау қорытындылары бойынша, «Абай оқулары – 2018» сайысында бас жүлдені өз ынтасымен ерекшеленген №6 орта мектебінің психологы Т. Аманкелдина иеленіп жеңіске жетсе, бірінші орынды Ә. Тлеуғабыл, екінші орынды   А. Серікжан, үшінші орынды Г. Манарова иеленді. Барлық қатысушыларға диплом және сыйлықтар арнайы тапсырылды.

 

29.10.2018 жыл

 



Кері қайту

Система Orphus
© 2007-2019 ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ АКИМАТ ПОСЁЛКА САЯК При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх