Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Ресми сайт Акимат посёлка Саяк
poisk

Новости Республики Казахстан



Қайырымдылық жобасы 2 млн адамды қамтыды

Бүгін «Жастар мен балалар арасында қайырымдылықты дәріптеу» әлеуметтік жобасының нәтижелерін қалың бұқараға ұсыну бойынша қорытынды баспасөз-конференциясы өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.




Коронавирустың екінші толқыны: Жағдай күрделі, бірақ бақылауда

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанның эпидахуалы туралы айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.




Мемлекеттік хатшы: Елімізде қайырымдылық рейтингісі жасалып, волонтерлер ынталандырылуы қажет

Бүгін «Қоғам және мемлекет: «Birgemiz» - 30 жылдық серіктестік пен даму» атты IX Азаматтық форумның жалпы отырысы өтті. Шарада мемлекеттік хатшы елдегі қайырымдылық, ауыл әкімдерін сайлау идеясы, азаматтық қоғам туралы бастамалар туралы айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.




Ақмола облысында бизнеске қолайлы орта қалыптасқан: Қаржыландырылған бизнес жобалар саны 3 есеге өсті

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында атқарылып жұмыстармен, сонымен қоса өңірдің биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баян етіп, аймақтағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.




Сайлау учаскеңізді қалай білуге болады

2021 жылдың 10 қаңтарында елімізде ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлау өтетіні белгілі. Осы орайда дауыс беру құқығы бар көптеген азамат өзінің сайлау учаскесінің қайда екенін білмей жататыны да бар. Ал оны анықтау жолы өте қарапайым. Еліміздің барлық өңірлерінде сайлаушылардың тізімін әзірлеуге жауапты жергілікті әкімдіктер ресми сайттарына арнайы баннер орналастырып, Call-орталықтар, Telegram-боттар жасақтап қойған. Сол ресурстарға кіру арқылы кез келген азамат өзінің тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскесін анықтай алады. Ал уақытша тұрып жатқан азаматтар 10 желтоқсанға дейінгі жергілікті әкімдіктерге барып, дауыс беру үшін тіркеуден өтуі қажет.




1 желтоқсан – дүниежүзілік АИТВ/ЖИТС-пен күрес күні

Жыл сайын 1 желтоқсанда әлемдік қауымдастық, оның ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымы, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтер АИТВ/ЖИТС қарсы күрес күнін өткізіп, тұрақты түрде инфекцияның алдын-алу, тестілеу, емдеу және азаматтарға қызмет көрсету, осы проблеманы бірлесіп еңсеруге күш-жігерін салады. Адамзат баласы ауыр індеттің алдын алуда прогреске жеткенімен, оны жұқтырушылардың саны әлі де азаятын емес.




Педиатр дәрігер: Кавасаки синдромы аса қауіпті емес

Нұр-Сұлтан қаласы №5 қалалық емханасының педиатр, реабилитолог дәрігері Нұрмолдина Динара Балтабайқызы Strategy2050.kz тілшісіне сұхбат берді.




Уролог дәрігер: коронавирус ер азаматтардың репродуктивті денсаулығына әсер етеді

Нұр-Сұлтан қаласы №1 қалалық ауруханасының уролог-дәрігері Садықов Арман Серікбайұлы Strategy2050.kz тілшісіне сұхбат берді.




Қостанай облысының дамуы: экономиалық даму, ауыл шаруашылығы, жолдардың құрылысы, тұрғын үй мәселелері

Бүгін ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірдегі экономикалық және әлеуметтік жағдай туралы баяндады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.




6 мыңға жуық кәсіподақ бақылаушысы сайлау процесін қадағаламақ

Бүгін Кәсіподақтар үйінде 2021 жылғы 10 қаңтарға белгіленген ҚР парламентінің мәслихаттары мен мәжілістері депутаттарын сайлаудағы ҚР Кәсіподақтар Федерациясы бақылаушылары республикалық штабының бірінші отырысының қорытындысы бойынша баспасөз мәжілісі өтті. Республикалық штабтың төрағасы - Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешевтің айтуынша, 26 қарашадағы жағдай бойынша штаб пен оның еншілес ұйымдарынан 5 762 тәуелсіз бақылаушы тіркелгенін, олар республика бойынша 3 726 сайлау учаскесінде дауыс беру процесін бақыламақ, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.




«Елбасы бастамалары халықтың игілігіне қызмет етіп келеді»: сарапшылар пікірі

Бүгін елордада ҚР тұңғыш президенті күніне орай «ҚР тұңғыш президенті: жасампаздық пен қарқынды дамудың 30 жылы» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталған жиынға қатысқан мемлекеттік органдардың басшылары, қазақстандық және халықаралық сарапшылар мен қоғам қайраткерлері тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін талқыға салды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.




Павлодар облысындағы ШОБ-ты қолдау шаралары мен әлеуметтік-экономикалық ахуал

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов жолдауда көрсетілген тапсырмалардың өңірде қаншалықты орындалып жатқандығы жөнінде баян етті. Сонымен қоса, аймақтағы эпиджағдай, инвестиция, жол, ауыз су мен тұрғын үй мәселелеріне қатысты жоспарымен бөлісті. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.




IX Азаматтық форумның ерекшеліктері

Елімізде осы аптадан бастап «Қоғам және мемлекет: #Birgemiz әріптестік пен дамудың 30 жылы» IX Азаматтық форумы онлайн форматта өткізіліп жатыр. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов форумның мақсаты мен жұмыстары жөнінде айтып берді. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.




Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секциялары ашылады

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР балалар спортын дамыту және оны дәріптеу әдістері туралы баспасөз мәслихаты өтті. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Жарасбаев Серік, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының директоры Есентаев Тастанбек, «Хабар» телеарнасының директоры Бисембина Динара Асқарқызы, "Мен-чемпион" балалар спорттық қозғалысын дамытуға жәрдемдесу қайырымдылық қорының директоры Сазанов Евгений Анатольевич Қазақстанда балалар спортын дамыту қалай жүзеге асып жатқаны туралы айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.




«Тәуелсіздіктің жеті қыры» атты фильмдердің топтамасы көрсетілуде

Тұңғыш Президент күніне орай білім беру мекемелерінде «Тәуелсіздіктің жеті қыры» атты фильмдердің топтамасы көрсетіліп жатыр, деп хабарлады Strategy2050.kz.




«Nur Otan» съезі: Сайлауалды бағдарлама қабылданып, кандидаттар тізімі белгілі болды

Бүгін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ Съезі өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. Шараға ҚР Президенті Қ.Тоқаев, партия Төрағасы,Елбасы Н.Назарбаев,партия төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек қатысты.




2021 жылы коммуналдық қызметтердің тарифі қалай өзгереді

Бүгін ел астанасындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев мекеме жүргізіп жатқан коммуналдық саладағы тарифтік саясат жөнінде баяндап, ТЖ кезіндегі тарифтердің төмендеуі, ТМС қызметін бақылау шаралары, сонымен қоса 2021 жылда тарифтерге қатысты болатын өзгерістер туралы айтып берді. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.




BAQ.KZ ақпарат агенттігінің құрылғанына 10 жыл

BAQ.KZ ақпарат агенттігі Мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту және тілдерді қолдану мен дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында 2010 жылдың қараша айында құрылған.




Шетелдегі диаспоралармен байланыс саясаты: әлемдік және отандық тәжірибе

Әлемде моноұлтты мемлекеттер саны көп емес. Мұның есесіне полиэтносты құрамдағы елдер жеткілікті. Мемлекеттің полиэтносты болу себебі түрлі тарихи, саяси оқиғалардың жемісі деуге болады. Осы ретте, өз мемлекетінен жырақта қалып қойған этникалық туыстарымен қарым-қатынас процесі әр елде әр түрлі. Бүгінгі мақаламызда осы мәселе жайлы қалам тербемекпіз.




«Birgemiz: Bilim» жобасы: Ақмола мен Шығыс Қазақстан облыстарындағы ауыл балаларына қолдау көрсетілді

Бүгін «Ақмола және Шығыс-Қазақстан облыстарының ауылдық орта мектептерінің жоғары сынып оқушыларына ағылшын тілін, компьютерлік және құқықтық сауаттылықты үйрету, ҰБТ-ға дайындық, ерікті түрде көмек көрсету үшін «Birgemiz: Bilim» ұлттық жобасын іске асыру» аясында қорытынды конференциясы өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.




"Ақжол" партиясының депутаттары жастардың бос уақытын тиімді өткізу мәселесін көтерді

"Ақжол" фракциясының депутаттары Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады. Депутаттық сауалдың толық мәтіні Strategy2050.kz тілшісінің материалында.




Қазақстан және ЕАЭО: ынтымақтастықтың Қазақстан үшін тиімді жақтары қандай

Бүгін ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі алаңына бірнеше министрліктің вице-министрлері келіп, «Қазақстан және ЕАЭО. Экономикалық интеграцияның ағымдағы процестері» тақырыбына арналған брифингке қатысты. ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Күшікова, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Нұрбек Дайырбеков, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова, ҚР Қаржы вице-министрі Қанат Баеділов талқылаған экономикалық интеграцияға қатысты елімізде өткізіліп жатқан шаралар туралы Strategy2050.kz тілшісінің материалынан біліңіз.




Маңғыстау облысының дамуы: экономикалық көрсеткіштер, ауыз су мәселесі, туризм әлеуеті

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Мемлекет басшысының Жолдауы аясында өңірдің дамуы туралы есепті журналистер алдында оқыды. Облыстың эпидахуалы,  әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, шағын және орта бизнес, өңірге инвестиция тарту мәселелері Strategy2050.kz тілшісінің материалында.




Қазақстанның халық партиясы сайлауға қатысатын кандидаттар тізімін жариялады

Бүгін «Қазақстан халық партиясы» XVI съезін өткізіп, мәжіліс және мәслихатқа кандидаттардың тізімін жариялап, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Фракциядан 125 кандидат ұсынылды. Бұрынғы Қазақстанның коммунистік партиясынан депутаттыққа үміткерлер тізімін Strategy2050.kz тілшісінің материалынан біліңіз.




Қызылорда облысының дамуы: Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты, тұрғын үй, су қоймаларын салу мәселелері

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықова мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында берілген тапсырмалардың орындалу барысымен таныстырып, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып өтті. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.




Система Orphus
© 2007-2020 ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ АКИМАТ ПОСЁЛКА САЯК При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© 2020 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх