Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Ресми сайт Акимат посёлка Саяк
poisk

Новости Республики Казахстан

27.03.2020

Түркістандық жастар онлайн режимде тегін тіл үйренуде

Елімізде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» көпшіліктің бас қосуымен өтетін іс-шараларды кейінге шегерді. Көрсетілетін қызметтерді қашықтықтан жүзеге асыру бойынша жұмыс жоспарын қабылдап, қарқынды атқаруда. Жастардың үздіксіз дамуын әрі бос уақытын тиімді пайдаланып, қашықтықтан оқуға дағды қалыптастыру мақсатында және кез-келген жағдайдың мүмкіндігі мол екенін үйрететін үздік жобаларды жастар назарына ұсынды. 

Атап айтар болсақ, әлеуметтік желі арқылы онлайн жоспар бойынша «Жастар online», «Наурыз, наурыз күн игі» атты көркемсөз оқу видео-байқауы және жаңа форматта қашықтықтан оқытатын «Қолжетімді ағылшын» жобасы іске қосылды. Қазіргі таңда ағылшын тілін тегін әрі терең меңгеру үшін 200-ге жуық жас тіркелген. Мамандардың айтуынша, тіркеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» қолға алған жобаның аясында жастар ағылшын тілін қашықтықтан тегін үйренетін болады. 

Сондай-ақ, электронды оқулық платформасы арқылы «ҰБТ-ға дайындық бойынша шеберлік курсы» басталды. Курсқа тегін қатысып, үздік ұстаздардан дәріс алуға болады. Ниет білдірген ұстаздар үшін де онлайн режимде сабақ беруге мүмкіндіктер қарастырылуда. Алдағы уақытта «Түркістан облысы жастары оқуы қажет 100 кітап» электронды оқулық базасы, А. Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған өлең, қара сөздердің мағынасын ерекше және ауқымды талдау бойынша «Абай оқулары» және «Түркістаным – мақтанышым!» атты жазба, жас ақындардың облыстық онлайн-байқауы және басқа да ұтымды жобалар ұсынбақ. 

Бұдан басқа, COVID-19 вирусына байланысты тұрғындардың сауалдарына шұғыл жауап беру үшін, «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері Call-орталығына жұмылдырылған. 



Кері қайту

Система Orphus
© 2007-2020 ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ АКИМАТ ПОСЁЛКА САЯК При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© 2020 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх