Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Ресми сайт Акимат посёлка Саяк
poisk

Новости Республики Казахстан

16.08.2019

Ұстаздар Президенттің бастамаларын толық қолдайды-пікірлер

Түркістан облысы Келес ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Гүлнәз Қасымбекова Тамыз конференциясына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуы педагогтар қауымы үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті.

«Бұл біздің елде білім саласында болып жатқан өзгертулер Мемлекет басшысының  назарында екенін көрсетеді. Педагог мәртебесі туралы заңы қабылданып, жүзеге асатын заң болады деп есептейміз. Мұғалімдердің жалақысына қатысты мәселелер осыған дейін де қаралған болатын. Бүгін де айтылды. Қазір ұстаздардың орташа айлық жалақысы 90 мың көлемінде болып отыр. Мұғалімдердің жалақысы санаты мен категориясына байланысты болатын. 4 жылдың көлемінде қосымша ақы көбейетіні айтылды», - деді Г.Қасымбекова.

Сонымен қатар, ол мұғалімдердің жаңа категория алудағы қиындықтары мен кедергілері де айтылғанын атап өтті.

«Оған енгізілетін тың жаңашылдықтар қаралып, еленіп барып жүзеге асырылса екен деген тілегіміз бар. Осы оқу жылынан басталады деп күтеміз», - деді ол.

Сондай-ақ, ұстаз ағылшын тілін оқыту  5-сыныптан бастап енгізілетіні барлығының көкейінде жүрген маңызды мәселе екенін атап өтті.

«Мен бұл жаңалыққа өте қуандым. Себебі, бала алдымен өзінің ана тілін оқып, шегелеп алуы керек. Оқушы  5 –сыныптан бастап та ағылшынды оқыса, тілге деген машығы сөнбейді деп ойлаймын. Барша қауым да осыны құптайды деп ойлаймын»,- деді ол.

Өз кезегінде Қызылорда қаласынан  келген ұстаз Ізбас Алтынболатова  конференцияда  ҚР Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары мен ұсыныстары толғандырғанын атап өтті.

«Бізді толғандырып жүрген барлық мәселелер бүгін айтылды. Ол педагог статусын көтеру, еңбекақыны арттыру мәселелері. Оқу үрдісі бүгінгі заман талабына сай болу қажет. 4 жылда ұстаздар еңбекақысын екі есеге арттыру жаңалығы қуантты. Ағылшын тілін 1-сыныптан емес, 5-сыныптан бастап оқыту бастамасы да көңілден шықты. Президент ел ұстаздарының  алдына  көп тапсырма қойды», - деді І.Алтынболатова.

Сондай-ақ, ол қазір ұстаздарға дәптер тексеру мен сыныпқа жетекшілікке төлемақы қосылатынын айтты.

«Енді осының барлығы екі есеге өседі. Президент Үкіметке тапсырма берді», - деді ол.

Аягөз Құрмаш 



Кері қайту

Система Orphus
© 2007-2019 ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ АКИМАТ ПОСЁЛКА САЯК При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх